• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2020

Ақтөбелік жүргізуші СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

157 рет
көрсетілді

Жуырда Жезқазған-Петропавл тас жолының 739 шақырымында СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин мен СҚО ПД ППБ Бірінші взводы командирінің міндетін атқарушы Дмитрий Белоусов жолдың жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Бұл  Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Исмагуловтың 20 тонна кебек тиелген жүк көлігі екен. Ауыр салмақты ескі дөңгелек көтере алмай жалба-жұлбасы шығып, жарылған.

Комбаттың орынбасары қызмет көрсететін экипажды шақырып, ППБ қызмет инспекторлары Нарасан Әлімжанов пен Ернар Мұқанов көмекке келді. Жүргізуші мен полицейлер көлікті бір сағаттан аса уақыт бірлесе жөндеді. «Олар басынан аяғына дейін бірге болып, маған көмектесті,- деп есіне алды Юрий Исмагулов. – «Шыны керек, төрт офицердің маған көмектесіп, «қара жұмыспен» айналысып жатқандарына өзім ыңғайсызданып едім олар: «Біздің жұмысымыз – жолдағы тәртіп. Сен орныңнан қозғалмайынша, біз ешқайда кетпейміз» -деді. Мен 2000 жылдан көлік тізгіндеп келемін, жол үстінде көпті көрдім, бірақ бүгінгі күнге дейін мынандай көңіл бөлуді кездестірмеппін. Бұлар сенуге болатын нағыз азаматтар екен»...

Біршама уақыт өткен соң жолда келе жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісі патрульдік полицейлерге хабарласқан. Полицейлерге разы болған жүргізуші алғысын жаудырып: «Ақтөбеде болсаңыздар, есігім әрдайым ашық, менің нөмірімді білесіздер, қонаққа келіңіздер...» - деген екен.

«Жолаушының қауіптен аман болуы – біз үшін басты алғыс. Алғыс сөздері қуаныш сыйлап, қызметтің қиын сәттерінде төзімді болуға көмектеседі. СҚО-да жүргізушілер де көмек көрсетіп тұрады, полицейлердің тұрғанын көрсе де, өтіп кетпей көмектерін ұсынып жатады. Бұл қуантады, себебі жол қозғалысы қатысушыларының бір-біріне құрмет көрсетуі- жолдағы тәртіптің маңызды шарттарының бірі», дейді У.Оразалин.