• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2020

БҚО әкімі Бәйтерек ауданында салынып жатқан нысандарды тексерді

324 рет
көрсетілді

Сапар барысында өңір басшысы жол жөндеу жұмыстарымен танысып, мәдени-спорт кешенінің құрылысымен, мектептің қайта жөндеу және жергілікті шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыс сапары Үлкен Шаған-Переметный автожолының 10 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден басталды. Жоба құны 445 млн. теңгені құрады. 32-ден 42 км-ге дейінгі жол учаскесін осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарлануда.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында құны 187 млн.теңгенi құрайтын Зеленов ЖОББМ ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобада 37 адам жұмыс жасайды. Мектеп оқу жылы басталғанға дейін өз есiгiн қайта ашады. Бәйтерек ауданында ЖҚЖК бойынша жалпы сомасы 2,41 млрд. теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда. Нысандардағы жұмыстарда 487 адам жұмыс жасайды, соның ішінде 208 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.

Ғали Есқалиев аудандық шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. 2020 жылы "Пермский" ЖШС егістік алаңы 6141 га құрады, оның ішінде 1000 га күздік бидай мен жаздық бидай, 500 га арпа, 400 га тары, 1600 га күнбағыстың басқа дақылдарды құрайды. Биылғы жылы "Айдос" ШҚ – ның егіс алқабы 500 га, мұнда мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылықта қазақтың ақбас тұқымды 180-нен астам ірі қара мал басы бар.

Өңір басшысы сыйымдылығы 150 адам болатын "Асан-Ауыл" мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты. Құны 120 млн.теңге болатын нысан жеке инвестициялар есебінен іске асырылады және осы жылдың қыркүйек айында тапсыру жоспарлануда.