• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 17 Тамыз, 2020

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы

854 рет
көрсетілді

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы. Бұл туралы Қазгидромет-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

7-18 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Көкшетауда найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

17-18 тамызда Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік–батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

17 тамызда Маңғыстау облысының кей жерінде найғазай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 17 тамызда Атырау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.