Ақтау әкімінің орынбасары лауазымына Әбілқайыр Жанайұлы Байпақов тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы 21 мамырда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде дүниеге келген. 1999 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін "Тарих мұғалімі" мамандығы бойынша, 2003 жылы Халықаралық еңбек академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген.
1999-2000 жылдары Есенов атындағы Ақтау университетінде Тарих және философия кафедрасының оқытушысы болып жұмыс жолын бастады.
2000-2001 жылдары − Маңғыстау облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы;
2002-2004 жылдары − Маңғыстау облысы ішкі саясат департаментінің ұйымдастыру−әдістемелік бөлімінің басшысы;
2004-2005 жылдары − Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі;
2005-2006 жылдары − "Отан" ӨКП Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қалалық өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары;
2006 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін − Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы;
2006 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қазанына дейін − Баянды ауылының әкімі;
2007-2010 жылдары − "Каспий" ӘКК ҰК" АҚ департаментінің директоры;
2010-2012 жылдары − "Нұр Отан" ХДП Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыру−партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі;
2012 жылдан бастап Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін "CASPI BITUM "БК" ЖШС кадрлар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Үйленген, бес баласы бар.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.