Ақтөбе облысында «Қазақ су шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің басшылары жалған мекемелерге ақша аударып, бюджет қаражатын жымқырды. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.
Жоғарыда аталған мекеменің шенеуніктері облыстың өзен-көлдерін күтуге бөлінген қаржыны жалған мекемелерге аударып, оны дереу иеленген көрінеді. Ал ақша аударылған бұл мекемелер «банкрот» болып есептеліп, жабылыпты. Осы келеңсіздіктің салдарынан мемлекетке 52 млн. теңгеден аса шығын келген. Қазір былыққа батқан шенеуніктердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бақытбек Кенешұлы.