Енді атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікке онлайн түрде өтініш беріп, құжатқа оңай қол жеткізуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол үшін Egov.kz порталына кіріңіз;Іздеу жолы арқылы "Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру" қызметін табыңыз;Қызметті онлайн сұратыңыз;Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты "жаңарту" арқылы порталға шығарыңыз;Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз. Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш. Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.