• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Тамыз, 2020

19 тамызға арналған ауа райы болжамы

1304 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай күтіледі, жаңбыр жауады, тек оңтүстік пен батыста ауа райы көбінесе жауын шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысында түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, Ақмола облысында екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең Ақтөбе облысында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 16 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстіқ-батыста, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +17+19°С.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.