• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2020

Қостанай облысында Қап тауынан әкелінген 258 автокөлік тіркелді

356 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аймаққа Қап тауының баурайынан барлығы 763 автокөлік әкелініпті. Оның 450-і қайта тіркеуден өтуі тиіс, - деп хабарлайды Egemen.kz .

"Бүгінге дейін Армениядан әкелінген 255 көлік құралы тіркелді.  Тіркеуге тұрған автокөліктер Қазақстан аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде еркін жүріп, заңды түрде жыл сайынғы техникалық тексеруден өте алады, сондай-ақ көлікке салынатын жол салығы үшін төлем жасай алады. Көлікті уақытша тіркеу мәселелері бойынша «жедел желі» телефонына 500-ден астам азамат жүгінді. Қазір полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Машиналарды тіркеу үшін үш түрлі төлем жасау қажет: тіркеу үшін алым - 695 теңге, техникалық паспорттың бажы - 3 473 теңге және мемлекеттік нөмірге төленетін баж - 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы шамамен 12 мың теңге болады, - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нығмет Исмағұлов.

Қостанайлық кәсіпкер Мырзахан Сейітжанов Армениядан 3 автокөлік айдап әкеліпті. Біреуін өзі мініп, екеуін әйелі мен қызына беріп қойған. – Бұл көліктер маған арзан түсті. Құны нарық бағасынан төмен. Үкіметтің Қауылысы шыға салысымен, елдің алды болып тіркеуге қойдым. 3 машинаны қосқанда барлығы 36 мың теңге төледім. Енді еркін жүре беруге болады. тіркелу мерзімі де аяқталып қалды. Екінші рет мұндай мүмкіндік тумайды, - деді  М. Сейітжанов.

Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу мерзімі 1 қыркүйекте аяқталады. Көлік құралы тіркеуден өтпеген жағдайда иесі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі бойынша көлігін айыппұл тұрағына қойып, өзі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тіркелу мерзімі ұзартылмайды.

 

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар