"Атамекен" ҰКП Атырау өңірлік палатасының директоры Абдулла Идресовтің айтуынша, 3 мыңға жуық кәсіпкердің арасында арнайы сауалнама жүргізіліпті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Атырау облысында 18 705 бизнес субъектісі бар. Пандемия кезінде неғұрлым көбірек зардап шеккен сауда мен қоғамдық тамақтану орындарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында кәсібі бар 3 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынды. Сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлердің 40% қызметкерлерін қысқартқан, 34% дағдарыс жағдайында, ал 54%-да табыс айтарлықтай төмендеген", - деді Абдолла Идресов.
Оның мәліметінше, елімізде кәсіпкерлікті қолдау үшін кешенді шаралар әзірленуде. Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шарасының қатарында зардап шеккен салаларда несие төлемін биылғы 1 қазанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылып отыр.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.