"Қазгидромет" РМК 20-22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Содан кейін қысқа антициклон жылжып, жауын-шашынның тоқтатылуы және батыста ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.