Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға кеше, 18 тамызда сағат 17:30-да болған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"1974 жылы туған ер адам мас күйінде Сәтбаев көшесіндегі №33 үйдің темір қоршауының үстінен өтуге тырысқан. Алайда, ол тепе-теңдігін жоғалтып, қоршауға құлаған. Сол кезде темір қоршаудың ұшы аяғын тесіп өткен. Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы темірді қолмен шығару еместігін анықтады. Осыған байланысты торды кесу туралы шешім қабылданды. Құтқарылған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.