• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Тамыз, 2020

Чемпиондар лигасы. Финал. «Бавария» vs ПСЖ!

538 рет
көрсетілді

«Бавария» Чемпиондар лигасының жартылай финалында француздың «Лион» командасынан басым түсіп, финалда тағы бір француз клубы ПСЖ-ның қарсыласы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Португалияның Лиссабон қаласындағы «Жозе Алваладе» стадионында өткен матч 3:0 есебімен аяқталды. 18-ші және 33-ші минуттарда Германия құрамасының шабуылшысы Серж Гнабри дубль авторы атанса, 88-ші минутта поляк шабуылшысы Роберт Левандовски гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Жартылай финалға дейін «Бавария» «Челсиді» (3:0, 4:1) мен «Барселонаны» (8:2) жолдан тайдырса, «Лион» «Ювентус» (1:0, 1:2) пен «Манчестер Ситиді» (3:1) артта қалдырған еді.

«Баварияның» финалдағы қарсыласы ПСЖ жартылай финалда неміс «РБ Лейпцигті» (3:0), «Аталантаны» (2:1) және Дортмундтың «Боруссиясын» (1:2, 2:0) жеңген болатын.

Финал 23 тамыздан 24 тамызға қараған түні Нұр-сұлтан уақытымен 00:50-де «Эштадиу да Лушта» стадионында өтеді.

«Бавария» үшін алдағы финал тарихта 11-ші, ал ПСЖ үшін – бірінші болмақ. Мюнхендіктер бұған дейін бес рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Олар кубокты соңғы рет 2013 жылы басынан көтерген еді.

 

Статистика:

«Лион» – «Бавария» 0:3

Серж Гнабри 18, 33, Левандовски 88.

Допты иелік ету – 36% – 64%; соққы – 9:20; дәл соққы – 3:9; бұрыштама – 4:6; офсайд – 1:3; сары қағаз – 3:0; ойыншы алмастыру – 5:5.

«Лион»: қақпашы – Лопеш; қорғаушылар – Маркал (Шерки), Марсело, Денайер; жартылай қорғаушылар – Корне, Ауар, Бруно (Мендес), Какере, Дюбуа (Тете); шабуылшылар – Экамби (Рейне), Депай (Дембеле).

«Бавария»: қақпашы – Нойер; қорғаушылар – Киммих, Боатенг (Зюле), Алаба, Дэвис; жартылай қорғаушылар – Алькантара (Толиссо), Горетцка (Павар), Перишич (Коман), Гнабри (Коутиньо); шабуылшылар – Мюллер, Левандовски.