• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2013

«Ескі үйдегі кездесу» Санкт-Петербургте қойылды

395 рет
көрсетілді

Бұдан бірнеше күн бұрын Санкт-Петербургтегі «Эксперимент» театры қазақтың көрнекті жазушы-драматургы Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі кездесу» атты пьесасын сахнаға шығарды. Нева жағалауындағы қаланың өнер ұжымы бұл драмалық туындыдан туған қойылымды «Транзитный пассажир» деп атады.

Бұдан бірнеше күн бұрын Санкт-Петербургтегі «Эксперимент» театры қазақтың көрнекті жазушы-драматургы Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі кездесу» атты пьесасын сахнаға шығарды. Нева жағалауындағы қаланың өнер ұжымы бұл драмалық туындыдан туған қойылымды «Транзитный пассажир» деп атады.

«Ескі үйдегі кездесу» – Дулат Исабековтің кеңінен танылған пьесаларының бірі. Осы кезге дейін ол Қазақстанды былай қойғанда, әлемнің көптеген елдерінің театр сахналарында табысты қойылып үлгерген. Бұл жолы талантты жазылған туындыға ресейлік режиссерлер назар аударыпты.

Пьесаға өзек етіп алынған оқиғалар өткен ғасырдың 80-жыл­­­дарында Алматы қаласында орын алған. Шығарманың бас ке­йіпкері араға 20 жыл салып, өзінің бұрынғы пәтерінің табал­дырығынан аттайды. Осында келіп, оның жаңа тұрғындарымен танысады. Міне, солардың диалогтары арқылы драматург заманның өзекті мәселелерін суыртпақтап алға шығарады. Адамдардың қатыгездігі, мейірімсіздігі, бір-біріне немқұрайдылығы әңгіменің негізгі арқауына айналады.

Жазушы көтерген сол проб­лема­лар күні бүгін де өзінің акту­аль­дылығын жойған жоқ. Мұны Санкт-Петербургтегі қойылым тағы да байқатты. Жұртшылық спектакльді өте жылы қабылдады. Сондықтан да көрермен қауым қойылым аяқталғаннан кейін бірден тарап кетпей, ондағы көтерілген мәселелерді қызу талқылады.

Жалпы, «Ескі үйдегі кездесу» – Дулат Исабековтің Нева жағасындағы қала театрларында қойылып отырған үшінші пьесасы. Бұған дейін бұл туынды Корея, Түркия, Болгария және Әзербайжан сияқты елдер сахналарында қойылған болатын. Жақын арада ол Лондон төрінен де көрінеді деп күтілуде.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар