Аймақта жыл басынан бері 530 өрт тіркелген. Бұл туралы өңірлік БАҚ өкілдерімен кездескен облыстық ТЖД-нің бастығы Біржан Кәрімов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Биылғы өрт оқиғаларының зардабы да ауыр. Қызыл жалын 17 адамның өмірін жалмап, 9 адамның денсаулығына әр түрлі деңгейде зиян келтірген. Материалдық шығын – 9 млн теңгенің үстінде.
– Биылғы 7 ай ішінде тұрғын үй секторында 310 өрт орын алды. Жалпы өрттің шығу себебі тұрғындардың отты абайсыз пайдаланғанынан болып отыр. Электр жүйесінің жалаңаштануынан 102 үйден өрт шықты. Сондықтан қазір тұрғындар арасында өрттің алдын алу, қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, – деді Б.Кәрімов.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.