Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 139-бабы 3-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын, әскери-медициналық мекемелерінің (ұйымдарының) дәрілік формулярына енгізілмеген Тізімін бекіту» бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұйрық жобасын қабылдау Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын, әскери-медициналық мекемелерінің (ұйымдарының) дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталымен танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.