• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2020

Германияда коронавирус қайта күшейді

167 рет
көрсетілді

Соңғы тәулікте Германияда коронавирустың 1707 жаңа жағдайы анықталды, бұл сәуірдің аяғынан бастап ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жалпы, Германияда пандемия басталғаннан бері 228 621 адам коронавирус жұқтырды. 204 800 адам аурудан жазылып шықты. Әсіресе Германияның батыс және оңтүстік бөліктерінде, сондай-ақ Берлинде инфекцияның таралу ауқымы өскенін абйқауға болады. 

Кейінгі аптада аурудың жаңа өсімі Еуропаның басқа елдерінде айтарлықтай артып келеді. Мамандар мұның себебін адам қарасы көп үлкен кештердің жиі өтуімен байланыстырып отыр. 

Германия канцлері Ангела Меркель осыған байланысты коронавирустық шектеулердің одан әрі әлсіреуіне қарсы шықты. Сондай-ақ, ГФР Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан (Jens Spahn) алдағы карнавал маусымын өткізбеу туралы ұсыныс жасады. 

Айта кететіні, жағдайдың соншалықты қиындығына қарамастан, Германияда 16 тамыз күні ешқандай инфекциялық жағдай тіркелмепті.