Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті. Оның пікірінше, медицина қызметкерлерінің атқаратын жұмысына байланысты үстемеақының көлемі әртүрлі болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл қаржылай ынталандыру көмегі медицина саласының мамандарына үлкен қолдау болды. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, тек өткен айда 2082 медицина қызметкеріне 800 миллион теңгеден астам үстемақы төленді. Соның ішінде дәрігерлерге 850 мың теңге, орта буын медицина қызметкерлеріне 450 мың теңге, кіші буын сала мамандарына 250 мың теңгеден наурыздан бері ай сайын үстемақыны төлеу жүзеге асырылды", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.