Қазақстанның бірнеше облысына дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
21 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында күндіз 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.