Батыстың жыныстық қатынастарды көрсетуге арналған порнографиялық фильмдеріне Қазақстанның қыздары да түсе бастаған сияқты. Бұл туралы «Экспрtсс-К» газеті жазды.
Басылым сондайлардың бірінің Люси Левон (суретте) деген жалған атпен бірнеше америкалық арзан бағалы картинаға түсіп үлгергенін баян етеді. Өзінің сөзіне қарағанда, ол шынында да Қазақстаннан келген сияқты. Мұны сында журналистерге берген бірнеше сұхбатында айтқан. Сол сияқты жасы 27-де, бойы 157 см., тіпті кеудесіндегі кимешегінің нөлдік өлшемде екені де белгілі.
Люси мұнда келгегніне екі жыл болғанына қарамастан, біраз ортаға танымал болып үлгеріпті. Оның құрметіне арнайы сайт та ашылған. Табынушылары соны ашып, жаңа порножұлдыздың қатысуымен түсірілген фильмдерді белгілі бір бағасына көре алады.
Бұдан басқа, Люси Левон күйеуі бар екенін, оның өзіне қолдау көрсететінін айтады. «Алайда, ол енді Қазақстанға қайта оралар болса, бірден тұтқынға алынады», - деп жазады газет бұдан әрі. Себебі, біздің елімізде порнографияға түсу мен тарату Қылмыстық кодекстің белгілі бір баптарымен қараланады.
Бұл тарихтың ең бір түйінді сәті трагедиямен аяқталатын сияқты. Айтылып отырған бойжеткен соңғы бір жыл бойына қатерлі ісік ауруымен ауырып, емделіп жүр екен. Сондықтан оның америкалық күйеуі Джоуи өзінің твитіне: «Ол кетеді. Дұға оқыңдар», - деп жазыпты.
Қайрат Қожаназар.