Бүгін Түркістан облысына сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Сапар" орталығы мен "Жібек жолы" саябағын жоғары бағалады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
"Жақында ғана облыс орталығына айналған Түркістанда жаңа инфрақұрылымдық нысандардың ашылып жатқаны қуантады. Қала тұрғындары мен туристерге арналған Сапар орталығы мен "Жібек жолы" саябағы да көпшіліктің көзайымына айналатынына сенімдімін", дейді Президент.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.