• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Тамыз, 2020

Кореяда шіркеу басшысы ел арасына ауру таратқан

515 рет
көрсетілді

Наурыздың басынан бері Оңтүстік Кореяда алғаш рет тәулігіне коронавирустың 324 жаңа жағдайы тіркелді, жұқтырғандардың жалпы саны 16 670-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы аптада Оңтүстік Кореяда инфекцияның күн сайынғы өсімі 56-дан 297-ге дейін көтерілді. Бұл соңғы бес айдағы жаңа рекорд.

Соңғы рет күніне ең көп ауру жұқтырғандар 8 наурызда тіркелген, бұл кезде елде 367 адам инфекция жұқтырған еді. KCDC мәліметі бойынша,  елде тіркелген 315 жағдайдың 125-і Сеулде және тағы 102-і Кёнги провинциясында орын алған.

Тек тоғыз науқас қана инфекцияны шетелге шығып жұқтырып келген.

Бұл жағдайлардың күрт өсуі кейбір жергілікті шіркеулер мен базарларда вирустың таралуына байланысты болып отыр. Жағдайдың нашарлауына 15 тамыз - тәуелсіздік күнінде Сеулде мыңдаған адам жинап, наразылық акциясына шыққан Saran Cheil консервативті Пресвитериан шіркеуінің жақтаушылары да әсер етіп отыр.

Шіркеудің басшысы пастор Юнг Кванг Хун да митингіге қатысып, коронавируспен ауырғанына қарамастан, маска тақпай тұрғындармен байланыс орнатқан. Бұған дейін оған оқшаулауды бұзғаны үшін және карантин жағдайында тергеуге кедергі келтіргені үшін айып тағылатыны хабарланған еді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз