• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Тамыз, 2020

Жас "Ертістің" бапкерлері 6 ай бойы жалақы алмаған

213 рет
көрсетілді

Павлодардағы балалар футбол орталығының жаттықтырушыларына берілетін  қаражаттың жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асып барады. Бірнеше айдан бері олар жалақысыз жұмыс істеп келген. Ал жергілікті "Ертіс" клубының өзі миллиардтаған доллар қарызына байланысты жабылу алдында тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық көктемде балалар спорт орталығы жаттықтырушыларына жалақы төлеуді тоқтатқан. Жиырма қызметкер бірнеше ай бойы ақшасыз жұмыс істеді. Ал 1 шілдеде олар толықтай ақы төленбейтін демалысқа жіберілді.

"Біз үш айға - сәуір, мамыр және маусымға арналған берешекті күтіп жүрміз. Шілде мен тамыз айларында мемлекеттен 42,500 және 21250 алдық, яғни біздің жаттықтырушылар бес айда 63000 теңге ғана алды", деді футбол орталығының жаттықтырушысы Әлібек Жүсіпов.

Бапкерлер футбол орталығының басшылығымен сөйлесуге тырысқан. Бірақ мекеме директоры байланысқа шықпай жүр екен. Орталықта бірнеше жыл оқып келген балалардың ата-аналары да онымен байланысуға тырысты.Олардың да әрекетінен ештеңе өнбеген. 

Облыстық спорт басқармасы балалар жаттықтырушыларының проблемасымен таныс. Шенеуніктер бұл мамандар жұмыссыз қалмайды деп уәде берді. Бірақ жалақы бойынша қарыздар "Ертіс" футбол клубының қарызы өтелгеннен кейін ғана төленеді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз