2021 жылдың жаңа оқу жылында 1-сынып оқушысы "Әліппемен" сауат ашады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Биыл 1 қыркүйектен бастап 11-сыныптар жаңа бағдарламамен оқуға көшеді. Сондай-ақ мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгізілді. Ол өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан "Әліппе", 3-4 тоқсан "Ана тілі" енгізілді. Қазір біз осы бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде, оқулықтарды, бағдарламаны дайындау үстіндеміз. Келесі жылы осы оқулықтар, бағдарламалар біздің барлық 7 мың мектепте қолданылатын болады», - деді А.Аймағамбетов.