• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2020

“Таза Қазақстан”: Қостанай облысында 243 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

279 рет
көрсетілді

Қостанай облысында шілде айының 24-інен бері аймақ экологиясын жақсарту мақсатындағы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткіп жатыр.

Облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретқали Әлімғазиннің айтуынша, өңірде рейдтік іс-шараларды өткізу 12 мобильді жасаққа міндеттелген. Сондай-ақ,табиғатты қорғау органдарымен бірлескен 4 топ жұмыс істеп жатыр.

– Бүгінге дейін 116 рейдтік іс-шара өткізілді. Оның 16-сы экология департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Рейдтерге көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері мен еріктілер де қатысты, - дейді полиция майоры Ғ.Әлімғазин.

Акция барысында аң аулау, балық аулауережелерін бұзу, көпшілік орындарды ластау, ішімдік ішу сияқты барлығы 243 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 1 319 мың 550 теңге айыппұл салынған.