• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Тамыз, 2020

Байден президенттікке үміткер

190 рет
көрсетілді

АҚШ-тағы президенттік сай­лауға демократиялық партия атынан Джо Байден қатысады. Бұл туралы Reuters агенттігі ха­бар­лады.

Демократиялық партия съе­зін­де Джо Байден ресми түрде бекі­тілді. Оның кандидатурасын қол­даушылардың ара­сында АҚШ-­тың бұрынғы президенттері Билл Клин­тон мен Джимми Кар­тер, сон­дай-ақ АҚШ-тың экс-мем­лекет­­тік хатшысы Колин Пауэлл бар.

Жиын барысында сөз сөйлеген Билл Клинтон Дональд Трампты сынға алды. «Қазіргідей жағдайда Ақ үй басқарушы орталық болуы тиіс еді. Керісінше, Ақ үй дауылды орталыққа айналды. Онда тек аласапыран бар. Бір нәрсе ешқашан өзгермейді: Д.Трамптың жауаптан қашуы мен кінәні басқаға аударуы», деді Б.Клинтон.

Ал Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамп Демократиялық партияның өкілін қолдайтын рес­публикашыларды сынады. Оның айтуынша, Байден – «солшыл партия қолындағы қуыршақ».

Қазіргі таңда мұхиттың арғы бетінде сайлау алды науқан қыз­ған шақ. Осыған байланысты Д.Трамп Аризона штатына барды. Бір қызығы, осы штаттағы сауалда­ма нәтижесіне сүйенсек, Джо Бай­ден оқ бойы озып келеді. Әйт­­се де, кейінгі бірнеше аптада Трам­п­ты қолдайтындар саны артқан.