• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2020

Қазақстан 7 елмен әуе қатынасын жандандырды

140 рет
көрсетілді

Қытайдың Синьхуа агент­тігі Қазақ­станның 7 елмен әуе бай­ланысын қайта қалпына кел­тіргенін хабарлады. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Гер­мания секілді елдер бар.

«Ел астанасынан Франкфурт қаласына бет алған, 94 жолаушы мінген ұшақ – наурыздан ке­йін­гі Қазақстан мен Германия ара­сындағы алғашқы тікелей бағыт. Жолаушылар ұшаққа мінбестен бұрын 48 сағат ішінде Covid-19 вирусына тест тапсыруы тиіс. Немесе Германия барғаннан кейін 72 сағат ішінде коронавирусқа тест тапсыруы міндетті», дейді Синьхуа.

Қазақстанда енгізілген екінші лок­даунды жеңілдету аясында халықаралық әуе қатынастарын біртіндеп қалпына келті­ру көз­делген. Агенттік демалыс күн­­де­рі карантиндік талаптар қайта кү­шей­ті­летініне де назар аударған.

«Қазақстан 5 шілдеде коро­навирус пен пневмония күрт көбейгеннен кейін екінші мәр­те локдаун жариялаған еді. Ден­саулық сақтау министрінің хабар­лауынша, қазіргі таңда елдегі эпиде­миялық жағдай тұрақталған. Оның үстіне, тамыз басталғалы ауруханадағы орын­дар босаған.

Бүгінге дейін Қазақстанда 103300 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды. Солардың 84445-і жазылып шықса, 1415 науқас көз жұмды. Тамыздан бас­тап Covid-19-ға симптомда­ры ұқ­сай­тын 18673 пневмония тір­келіп, 220 адам қаза тапты», делінген Синьхуа таратқан жаңалықта.