• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Тамыз, 2020

Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті

703 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары шығарылып, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне талдау жасалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс барысында комиссия төрағасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының: «Сыбайлас жемқорлыққа негіз болған құбылыстардың себептері мен жағдайларын жоймай, құқықбұзушылықпен күресу мүмкін емес. Халық шенеуліктің немесе қандай да бір басшының жауапқа тартылып қана қоймай, олар қызмет еткен мемлекеттік органдардың жұмысында оқиғалардың қайталануын болдырмайтын түбегейлі өзгерістер орын алғанын көруі керек» деген нұсқауларын жеткізді.

Жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін жүйелік проблемаларды, себептер мен жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға, бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға жол бермеу қажеттілігіне назар аударылды.

Алдын алу шараларының мысалы ретінде лауазымдар тізіміне әскери бөлім командирлерінің лауазымдарына тағайындалған кезде полиграф арқылы тексеруден өту көрсетілген.

Комиссия төрағасы 2015 - 2019 жылдар аралығында Қарулы Күштерде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың нәтижесінде жемқорлық бойынша қылмыстардың саны төрт еседен көп азайғанын атап өтті. 2019 жылы алты жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалса,  2015 - 2018 жылдары аралығында қылмыс саны 17-ден бастап 34-ті құраған.

Сонымен қатар, 2020 жылда құқықбұзушылықтың 76%-ға өсімі байқалады. Бірақ іс жүзінде бұл сыбайлас жемқорлық қылмысының артуы емес, оның айқындалуының артуы. Қорғаныс министрлігі қолданып жатқан түбегейлі жаңа тәсілдерді ескерсек, бұл әбден болуы мүмкін нәрсе. Қорғаныс ведомствосы ештеңені жасырмайды, керісінше барлық ақпаратты тиісті органдарға бере отырып, ашық жұмыс істейді. Ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әскери ортада сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Нөлдік төзімділік қағидасына сүйене отырып, Қарулы Күштер оларды жасырмайды және бірлескен жұмысқа бағытталған.

«Біз өз қатарымызды жемқорлықтан тазартуға мүдделіміз. Бұл істе ешкімге аяушылық жоқ», – деді қорғаныс министрінің орынбасары.

Қабылданған алдын-алу шаралары бюджет қаражатын жымқыру саласындағы қылмыстың азайғаны және 2019 бен ағымдағы жылы аталған қылмыстардың тіркелмегендігі туралы Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жағдайы жөніндегі талдауда көрсетілген.

Негізінен, жеке әскери қызметшілердің өздерінің жеке тәртіпсіздіктері мен ашкөздіктерінің арқасында тұрмыстық эпизодтағы жемқорлық фактілеріне ғана жол берілген.

Сыбайлас жемқорлық қылмысының бірде-бір фактісі ескерусіз қалмайды. Заң бұзушылыққа жол берген барлық кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.

Әскери қызметшілердің басты бөлігі әскери борышын адал атқаратындар және Отанға деген шексіз қызмет ететіндер.

Сонымен қатар талдау сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау әдістемесіндегі кейбір проблемаларды анықтады. Мәселен белгілі бір салмақсыз сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны объективті жағдайды көрсетпейді және бұрмаланған шындықты  қабылдауға әкеледі. Қарулы Күштердің жеке құрамының санын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің мемлекеттік органның лауазымды адамдарының санына қатынасы тұрғысынан қарастыру әлдеқайда объективті болып табылады.

Әскери қызметтің ерекшелігі келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер мен сержанттар құрамының кез келген әскери қызметшісі өкілеттік берілген лауазымды адам бола алатындығын атап өту қажет.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық рейтингісін анықтау кезінде қылмыстың ауырлығын және қоғамға әсер ететін қауіптілік дәрежесін ескеру қажет.

Сонымен қатар, Қорғаныс Министрлігі кез-келген ұсақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол беруге болмайды деп санайды және  мұндай жағдайда нөлдік төзімділікке тәрбиелейді.

Сарапшылардың пікірінше,тәртіпті бұзған әскери қызметшінің бес мың теңге көлеміндегі берген заңсыз сыйақысы жөнінде өтініш берушінің мүлкіне қарағанда Қарулы Күштердің имиджіне көбірек зиян келтіретін жағдайды бюджет қаражатын ұрлаумен салыстыруға болмайды.

Әскери ортадағы сыбайлас жемқорлық деңгейі Қарулы Күштерге мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

Құрылған гарнизондық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялар Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жаңа серпін береді. 

Жергілікті әскери басқару органдарында (әскери комиссариаттарда) сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен шарттары жойылуда. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бірінің базасында әскери есепке қоюдан бастап әскери билетті алуға дейінгі барлық қызметтерді электрондық түрде көрсетуді көздейтін пилоттық жоба құрылды. Аталмыш жоба  пысықталғаннан кейін мұндай тәсіл барлық жерде енгізілетін болады.

Анықталған екі «жасырын» мемлекеттік қызметті (әскерге шақыруды кейінге қалдыру және әскерге шақырудан босату) мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуге бастамашылық жасалды.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін арттыруға бағытталған «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Әскери полиция бас басқармасының құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма құрылды. Ол ең алдымен, сыбайлас жемқорлық себептерін терең анықтай отырып, осы салада талдау жұмыстарын жүргізеді.

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды қарастыра отырып, комиссия тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру кезінде әскери бөлімдер командирлерінің дискрециялық өкілеттіктерін алып тастауға, сапаға сәйкес келмейтін азық-түлікті, сондай-ақ сапасыз дайындалған тағамды айқындау алгоритмін әзірлеуге, әскери бөлімдерді қажетті аспаптармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар тылдық және кадрлық қамтамасыз ету салаларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша басқа да ұсынымдар берді.

Комиссия отырысы барысында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселесі жеке атап өтілді. Осы мақсатта Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында басшылық құжаттар, оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар, басқа да пайдалы ақпарат орналастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы айдар жұмыс істейді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.