АҚШ-та кейбір теңіз сүтқоректілері мен жойылып кету қауіпі бар приматтардың COVID-19-ға шалдығуы жайындағы зерттеулер жарық көруде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Калифорниялық ғалымдар Proceedings of the National Academy of Sciences басылымында адамдар мен түрлі жануарлардың геномдық талдамалар арқылы вирустың жасушалық рецепторларына жасаған зерттеулері бойынша мақала жариялаған. Онда адамдардың мұрын және ауызқуыстары мен өкпеде және көптеген жасушаларында болатын ACE2– ангиотензин конверсиясындағы 25 аминқышқылының араласуымен ағзаға өтетін вирустың ақуызында осындай тізбегі бар жануарларға да әсер ететіні жайлы жазылған.
Ғалымдар COVID-19 енді ағзасында осындай тізбек түзейтін жануарлар өміріне де қауіп төніп тұр деп есептейді.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.