• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 24 Тамыз, 2020

Елорда әкімі мектептердегі санитария нормаларын күшейтуді тапсырды

453 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Дәлірек айтсақ, санитайзерлер орнатып, қашықтықты сақтау туралы белгілерді орнату шарт. «Кезекші топтардың» оқушылары парталарға шахмат тәртібімен отыруы керек.

"Сапалы дайындықты қамтамасыз ету маңызды. Қашықтықтан жұмыс режиміне көшу студенттердің алған білімінің сапасына әсер етпеуі керек. 1-4 сынып оқушылары "кезекші топтарда" оқи алады, санитария нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет", деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов мұғалімдерді Ы.Алтынсарин ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілерімен, алғыс хаттармен марапаттады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.