• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Тамыз, 2020

Атырау облысында "УАЗ" көлігі отқа оранды

2632 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, көлікті бүгін, 24 тамызда өрт шарпыған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 01:18-де Жылыой ауданындағы Жем ауылдық округінде 35 жастағы азаматтың иелігіндегі "УАЗ-39094" маркалы көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Қызыл жалын шарпыған көлікті сөндіруге "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары" қызметінің 3 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.