• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2020

Атырау облысы әкімінің грантымен 78 атыраулық жас тегін оқиды

322 рет
көрсетілді

Әкім грантын иеленген түлектер  енді облыстық бюджет есебінен білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша тегін оқиды. Биыл конкурсқа 132 талапкер өтініш берген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Әкім грантын иеленген түлектердің дені – болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер. Облыс әкімінің грантын алған 78  түлектің 27-сі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде, үшеуі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тегін білім алады. Ал төрт түлек М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, алтауы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде оқиды. Бір түлек Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақсан аграрлық-техникалық университетіне, тағы біреуі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына, 36 талапкер   Х.Досмұхамедов Атырау мемлекеттік университетіне  оқуға түсті", -деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.