• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2020

Алматыдағы аттракцион саябағына айыппұл салынды

540 рет
көрсетілді

Алматыда "Қиял әлемі" аттракциондар саябағындағы ұзын сонар кезекке байланысты саябақ әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, "Қиял әлемі" саябағына қатысты карантиндік шараларды бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, паркке 230 АЕК (638 940 теңге) айыппұл салынды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде саябақтың кіре берісінде ондаған адам бар видео пайда болды. Олардың кейбіреулері, тіпті, қорғаныс бетперделерін тақпай жүр. Қазақстандағы басқа демалыс орындарында да осындай жағдай болмасына кім кепіл?

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.