• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2020

ШҚО тұрғындарына 696 мыңға жуық тонна көмір жеткізілді

188 рет
көрсетілді

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары межеленген жоспарға сәйкес жүргізілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Дәулет Батырбаевтың мәліметінше, бүгінгі күні өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысандары 79%, білім беру нысандары 76%, әлеуметтік қорғау нысандары 82%, тұрғын үйлер 63% дайын.   Ең бастысы, жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету  нысандарын отынмен  қамтуға баса назар аударылуда. Облыстағы ЖЭЦ пен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор жиналған. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізіледі.   Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры 132,1 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе 62% жеткізілген.   Тұрғындарды жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін 1123,6 мың тонна қажет. Қазір 695,8 мың тонна көмір немесе 62% жеткізілді.   19 тамыздағы деректерге сәйкес, облыстағы теміржол тұйықтарында 38,3 мың тонна көмір бар. Облыс тұрғындары үшін көмірдің орташа бағасы 12 500 теңге.   Жылыту маусымына дайындық үнемі бақылауда ұсталынып отыр.     Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.