• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Тамыз, 2020

Түркістанда қайтыс болған әйелдің денесі тау жырасынан шығарылды

979 рет
көрсетілді

Төлеби ауданының тауында іздестіру-құтқару операциясы 3 күн дегенде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдыңғы ақпараттарда хабарлағанымыздай, дайындығы жоқ туристер тобының тауға шығуы қайғылы жағдайға әкелді. Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында Қасқасу ауылынан 30 шақырым жерде 5 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан "Сайрам" мұздығына шықты. Тауда қар жатқан, одан да жоғары көтерілу үшін тағы 1 тәулік қажет болды. Ешқандай құрал-саймандармен жабдықталмаған, тәжірибесіз және дайын емес топтың алға жылжуына мүмкін емес еді. Сондықтан олар төмен түсуге шешім қабылдады. Түсу күрделі еместұғын, бірақ топтың дайын емес мүшелері бір сәтте қателік жіберді. Атап айтқанда, 1981 жылы туған азаматшаның абайсызда аяғы тайып, құлап кетті. Оған көмектесу әрекеттері сәтсіз аяқталды. Нәтижесінде, әйел қардың еруі салдарынан пайда болған тау шыңындағы жарықтардың біріне құлап қайтыс болды.

Аталған жайтқа құрамында 10 адам бар Шымкент қаласының ТЖД Жедел-құтқару жасағының екі тобы қиын жағдайда "Сайрам" мұздығының басында қайтыс болған 1981 жылғы азаматшаның денесін іздестіру және шығарып алу жұмыстарын жүргізді. Бұл күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және мұзға өрмелеу федерациясының 6 альпинисі тартылды.

25 тамыз күні сағат 14.50-де құтқарушылар альпинистермен бірге қардың еру салдарынан пайда болған мұздықтың жарықтарына құлап, қайтыс болған әйелдің денесін тауып алды. Табылған денені алу процесі өте қиынға соқты. Кез келген уақытта қар еріп, жарықшақты толтыруы мүмкін еді. Оның тереңдігі 10 метрден асатынын, ені 50 см екенін атап өткен жөн. Тар жарықшақта 6 метр деңгейде тұрып қалған марқұмның денесін шығару арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асты. Қайтыс болған азаматшаның денесі төмен түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Ал сол күні зардап шеккен 1978 жылы туған ер адамның жағдайы бүгінде қанағаттанарлық.

Төтенше жағдай департаментінің өкілдері тауға шығар алдында, тәжірибелі жолсерікті бірге алып жүрулерін міндеттейді. Тосыннан туындаған оқыс оқиға кезінде білім мен ұқыптылық, жауапкершілік маңызды екенін атап өтеді. Ең алдымен, жабдыққа, құрал-саймандарға, киім мен аяқ киімге, байланысқа назар аударыңыз. Тауға жорық жасаған кезде өз бағдарыңызды міндетті түрде тіркеу, нақты координаттарды білу қажет. Ал қауіпсіздік ережелерінің сақталуы таудағы жазатайым оқиғаларды алдын алады.

 

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.