• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Тамыз, 2020

Лионель Месси "Барселонадан" кетуге ниетті

549 рет
көрсетілді

Каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси командадан кетуге ниетті. Бұл туралы Egemen.kz  Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Капитан клуб басшыларына факс жіберіпті. Онда ол командадан кетуге ниетті екенін айтқан. Клуб басшылары факсты алғанын растады. Алайда капитанда жіберуге ниетті емес екендерін айтты. Осыдан үш жыл бұрын Месси "Барселонамен" 2021 жылдың жазына дейін жаңа келісімшарт жасаған. Онда шабуылшының кез-келген маусымның соңында келісімшартты біржақты бұзып, өз еркімен кетуі қарастырылған. Бірақ ондай мүмкіндік тек 10 маусымға дейін ғана жарамды еді. Енді клуб басшылары осыны алға тартып, шабуылшыны сақтап қалмақшы. Месси командадан кету туралы шешімді Чемпиондар лигасында "Бавариямен" өткен ойыннан кейін шығарып отыр. Бұл ойында каталониялық ұжым 2:8 есебімен ойсырай ұтылды. Тағы бір себеп - клубтың президенті. Ол Жерар Бортамеудің орнында қалғанына қарсы. "Барселона" өткен аптада Мессиді тек 700 миллион еуроға сататынын жариялады. Қазір шабуылшыны ағылшындық "Манчестер Сити", франциялық ПСЖ" және италиялық "Интер" командалары өз қатарында көргісі келеді. Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.