2020 жылғы 25 тамыз күні сағат 11:30 шамасында Ертіс ауылының маңында Т-40 тракторы тоқтатылды. Жүргізуші тракторды масаң күйде басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz
"Көлікті аудан орталығының 1974 жылы туған тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес механизатор тракторды мас күйінде басқарған", дейді департаментте.
Ұсталған тракторшыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. Ер адам 15 тәулік қамауға алынып, 7 жыл жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полицейлер 29 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оның ішінде жетеуі – жол қауіпсіздігі және 22-сі қоғамдық қауіпсіздік фактілеріне қатысты.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.