• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Тамыз, 2020

51 адамды өлтірген аустралиялыққа сот үкімі шықты

224 рет
көрсетілді

2019 жылы Крайстчерчтегі мешітте адамдарға оқ атқан аустралиялық Брентон Таррант өмір бойы бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

New Zealand Herald газетінің мәліметінше, сот Брентон Таррантты өмір бойына бас бостандығынан айыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын бермеу туралы үкім шығарған.

Сондай-ақ, басылымда Жаңа Зеландияда өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушыға мерзімінен бұрын босату құқығы алғаш рет берілмей отырғаны жазылған.

Еске салайық, 2019 жылдың 15 наурызында Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, салдарынан 51 адам қаза тауып, тағы 50 тұрғын түрлі дене жарақатын алған еді.