• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2010

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУҒА ҚАЗАҚСТАН ҚОСҚАН ҮЛЕС

610 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті тарихи оқиғамен – АҚШ-пен арада Стратегиялық ша­буыл­дық қару-жарақ туралы жаңа Шартқа қол қойылуымен құттық­тады. Өз кезегінде Ресей Президенті ядролық қарусыздану мен тарат­пау­дың жаһандық үдерісіне қомақ­ты үлес қосқан Қазақстанның рө­ліне жоғары баға берді. Әңгіме барысында мемлекет басшылары Қырғызстандағы ахуал­ды да талқылады. Тараптар бұл ел­де­гі ішкі саяси дағдарыстың аза­мат­тар арасында көптеген құрбан­дық­тарға әкеліп соқтырғанына алаңдаушылықтарын білдірді. Мемлекеттік биліктің болмауын бұзақы-тонаушылар пайдалануда. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан­ның ЕҚЫҰ-ға төраға ел ретінде БҰҰ хатшылығымен тығыз бай­ланыса отырып, жағдайды жедел қалпына келтіруге бағытталған тиісті шараларды қолға алып жат­қанын атап өтті. Тараптар қан­тө­гісті және күш қолданудың барлық түрін мейлінше тез тоқтату қажет­тігін атап көрсетіп, Қырғызстанның бүкіл аумағында құқықтық тәртіпті қалпына келтіруді жақтайтын пікірлерін білдірді.