• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Тамыз, 2020

Коронавирусқа қарсы вакцина көп адамға жетпеуі мүмкін - ДДСҰ

561 рет
көрсетілді

Коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғанымен, ол көптеген адамға жетпеуі де мүмкін. Мұндай болжамды ДДҰ сарапшысы Клаус Штор айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Штордың сөзінше, 2021 жылдың басында дүние жүзінде коронавирусқа қарсы жарты миллиард екпе болады. Германия секілді дамыған елдер халқы арасында жаппай вакцинация жасай алуы мүмкін, алайда Чили, Аргентина, Бразилия секілді елдерге вакцина мүлде жетпеуі мүмкін. сол кезде дүние жүзі екіге бөлінуі мүмкін деген болжам айтылды.

"Әлем екіге бөлінеді: вакцинасы барлар мен жоқтар. Қажет инфрақұрылымы жоқ, халқы көп, бірақ денсаулық сақтау жүйесі нашар жұмыс істейтін елдерге қайдағы вакцина?", - дейі Штор.

Осылайша, сарапшының ойынша, инфекцияның дүние жүзі бойынша тарауы тоқтамайды да аурудың "қауіпті" толқыны басталады. Үшінші толқыннан кейін ғана адаамдардың 80 пайызы иммунитет пайда болғанын айта алады.