• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 27 Тамыз, 2020

Шымкентте ұстаздардың Тамыз кеңесі өтті 

313 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында педагогика саласы қызметкерлерінің онлайн тамыз конференциясы өтті.  Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, білім басқармасының, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер-ұстаздар  саладағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді саралауға және жаңа оқу жылына арналған міндеттерді айқындауға барлығы 10 мыңнан астам адам онлайн қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конференцияда  қалалық  білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызының 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, эпидемиологиялық   жағдайға байланысты жаңа оқу жылында 14 940 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сынып  ашылады. Олар  тек бір кабинетте бір мұғаліммен ғана оқиды, үзілістер әртүрлі уақытта, сыныптағы балалар саны 15-тен аспайтын болады екен.    Бүгінде мектептер «Bilim Iand - Onlinemektep.orq» интернет платформасында қашықтан оқытуға толығымен дайын. Компания тарапынан Шымкент қаласына сервер орнату «Қазақтелеком» АҚ арқылы қамтамасыз етілуде.      Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігі баса назарға алынған қаладағы 36 мектепке ішкі әжетханалар  орнатылып, 136 мектеп 100 пайыз бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етілді.  Кеңес барысында шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы жыл сайын жаңа оқу жылы алдында өткізілетін тамыз кеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын екенін атап өтті.    «Елімізде алғашқы рет балалар жаңа оқу жылын қашықтан оқумен бастауда. Қашықтан оқу барысында көптеген қиыншылықтарға  қарамай ұстаздарымыз үнемі іздене отырып, бірлігімен, белсенділігімен, жауапкершілігімен қала абыройын асқақтата білді. Бірлесе атқарған еңбектеріңіз үшін барлықтарыңызға алғысымды білдіргім келеді»,- деді қала әкімі.   Сондай-ақ, білім саласының басшыларына жаңа оқу жылында барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың сақталуын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алатын барлық қызметті цифрландыруды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды және «Жас маман» жобасы бойынша жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.