Қазақ руханияты талантты өнер иелерінен ешқашан кенде болған емес. Сондай тұлғаның бірі – әрине Нұрғиса Тілендиев болатын.
Дәулескер күйші, талантты композитордың тоқсан бес жылдық мерейтойына орай елімізде түрлі шара қолға алына бастады. Соның бірі – Ruh.kz порталы бастаған қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған күй эстафетасы деуге болады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты хабарлаған болатын.
Эстафетаны халыкаралық конкурстардың лауреаты Сайырхан Ертіс Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновқа, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевқа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаевқа, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұрагер Сауранбаев, Бағылан Абдрайымов, Ердос Қанаев және халықаралық конкурстардың лауреаты Жәнібек Қазбекұлына жолдайды. Эстафета барысы Ruh.kz порталында, оның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында хабарланып отырады.
Сайырхан Ертіс өз эстафетасын Нұрғиса Тілендиевтің «Жекпе-жек» күйін орындап ұсынды.