Сайрам ауданында тәртіп сақшылары төрт қылмысты ашып, 335 құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Естеріңізге сала кетейік, 25 – 27 тамыз аралығында Түркістан облысының аумағында полицейлер көшелерде және басқада орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Мысалы, Сайрам АПБ-нің полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде төрт қылмысты ашып, біо іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады, 11 борышкердің орналасқан жерін анықтап, 335 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Аталған іс-шараны өткізуге аудандық полиция басқармасының 70-ке жуық қызметкерлері және 12 қызметтік автокөлік, оның ішінде патрульдік полицияның үш автоэкипажы жұмылдырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін екі жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты және осы жылы автокөліктерді мас күйінде басқарған екі мас жүргізушіні ұстады. Сондай-ақ, полицейлер 18 ұсақ бұзақылық, 16 мас күйінде қоғамдық орында болудың жолын кесті. Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 11 жасөспірімді анықтап, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін екі адамды жауапкершілікке тартты. Көші-қон желісі бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында тұру ережелерін бұзғаны үшін 13 шетелдікті тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз ұстады.
Өз кезегінде Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицияның имиджін арттыруға, қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолдардағы апаттылықты азайтуға бағытталғанын атап өтті.