• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 28 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда 3 мыңнан астам кезекші сынып жұмыс істейтін болады

397 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда 82 мыңнан астам оқушы бар болса, оның 50%-ы кезекші сыныптарға оқуға өтініш білдірген. 

Алдағы оқу жылы оқушыларға арналған қашықтықтан оқыту форматында басталатыны белгілі. Тек 1-4 сыныптар үшін ата-аналардың өтініші негізінде балалар саны 15-тен аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Сабақтың ұзақтығы 40 минуттан, әр сыныптың үзіліс уақыты әртүрлі. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда 82 мыңнан астам оқушы бар болса, оның 50%-ы кезекші сыныптарға оқуға өтініш білдіріп отыр. Бұл 3002 кезекші сыныпты құрайды.

Оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі:1) сабақтың ұзақтығы - 40 минут; 1 - сыныпта-сатылы режим;2) әр сынып үшін әр түрлі уақыттағы үзілістер;3) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;4) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;5) білім алушыларға жеке парта мен орындықты бекіту;6) білім алушылардың жеке оқу материалдарын пайдалануы (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.);7) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау.

"Ата-аналар балаларды кезекші сыныптарда оқуға жібере отырып, балалардың қоғамдық ортада болатындығына түсіністікпен қарап отыр. Коронавирус инфекциясын жұқтыруды болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова. – Балалардың қауіпсіздігі үшін мектептер қажетті жабдықтармен және дезинфекциялық құралдар қорымен қамтамасыз етілді. Кіре берістегі дезинфекциялық кілемше, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинақтарды қамтамасыз етуге арналған құралдар".

Ата-аналар өз балаларына әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіруі тиіс. Балаларды ата-аналары мектептің сыртқы есігіне дейін апарып, сабақ аяқталғаннан кейін алып кетеді. Яғни, ата-аналар мектеп ішіне кіргізілмейді.