• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2020

Шымкентте провизорлық вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас емделіп шықты

152 рет
көрсетілді

Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты.    Қала тұрғыны Тастанова Мақпал  Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген.  Тексеру барысында науқаста екі жақты вирустық пневмонияның бары анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Денсаулық жағдайы жақсарған көп балалы ананы дәрігерлер бүгін арнайы стационардан  шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Орталықтың  барша дәрігеріне алғысым шексіз. Балаларымды қатты сағындым. Енді отбасыммен аман-есен қауышатын болдым", дейді көп балалы ана. 

Айта кетейік, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы жұқпалы дерт өршіген тұста прозизорлық стационар ретінде жұмыс істеді. Бүгінге дейін провизорлық стационардан  400-ге жуық науқас дертінен айығып  шыққан. Енді медициналық ұйым 1 қыркүйектен бастап инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастайтын болады