• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Тамыз, 2020

Атыраулықтың несие картасын Ақтөбе тұрғыны пайдаланған

902 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, Мақат аудандық полиция бөліміне арызданған әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның несие картасынан ақша алыпты, деп хабарлайды Egemen.kz

"1994 жылы туған азаматша несие картасын жоғалтқанын мобильді телефонына ақша шешілгені туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген. Оның несие картасымен бірге пин-код нөмірі қағазда жазулы болған. Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іс шаралар кезінде күдікті Ақтөбе облысының тұрғыны екені анықталды. Қазір 40 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлады департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев

Оның мәліметінше, биылғы жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркеліп отыр. Алаяқтық қылмыстардың 150-ден астамы ашылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылыпты.