• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 29 Тамыз, 2020

Қостанайда жел электр станциясы салынып жатыр

755 рет
көрсетілді

Жылына 179 млн киловат электр қуатын өндіретін "Ыбырай" жел электр стансасы Қостанай ауданында бой көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жобаның жалпы инвестициясы – 18,4 млрд теңге. Қомақты қаржының мақсатты жұмсалуын  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қамтамасыз ететін болады. Жемқорлыққа қарсы қызмет пен бас мердігер "Жел Электрик" серіктестігі "Protecting Business and Investments" жобасы аясында осындай келісімге келіп отыр.

– Нысанды салу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында осындай шешім қабылданды. Біздің басты міндетіміз – бизнеске қолайлы жағдай жасау және қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түбірімен жою. "Protecting Business and Investments" жобасының басты мақсаты да – осы. Жоба аясында бизнес ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында инвесторлар мен кәсіпкерлерге көмек көрсету қарастырылған, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов.

Ауқымды жоба "Жаңартылатын энергия көздерін дамыту" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа жел электр станциясы іске қосылса, ауаға газ буының бөлінуі жылына бірнеше мың тоннаға дейін азаяды.

Қостанай облысында Protecting Business and Investments жобалық кеңсесі ашылғаннан бері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 44 келісім жасалған.