• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Тамыз, 2020

Қостанай облысының әкімі Конституция күнімен құттықтады

691 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов тұрғындарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыс әкімі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында: "Бүгін біз Ата заңның қабылданғанына 25 жыл толуын мақтанышпен атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие. Конституция біздің әрқайсымыз үшін Қазақстан халқының бірлігінің символы, облысымыздың және бүкіл еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі болып қала береді.

Қымбатты жерлестер!

Ата заңның мерейтойын атап өту күні атқарылған жұмыс пен Отанымыздың жалпы табысына деген қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, сәттілік пен құт-береке тілеймін! Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!", деп жазды.