"Nur Otan" партиясы облыстық филиялының мәліметінше, үміткерлердің 42,9 пайызы - әйелдер, ал 29,5 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 226 азамат ұсынылса, 617 адам өзін өзі ұсынып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үміткерлер 7 қыркүйектен бастап үгіт жұмыстарын бастайды. Ал 14 - 30 қыркүйек аралығында онлайн режімде жария пікірсайыстар өтеді.
Партияішілік іріктеу жеңімпаздары Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімге енгізілетін болады. Ал іріктеуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді.