• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қыркүйек, 2020

Әлеуметтік пәтер кілттері тапсырылды

340 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті тапсырылды. Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшылары мен кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында бөлінеді.

«Құрылыс саласында қолжетімді тұрғын үй салу өте маңызды. Елбасы қа­былдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дарламасына сәйкес жыл сайын мың­даған отбасы көптен күткен баспаналарын алады. Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе өсті, бұл 8 мыңнан астам пәтер: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй және тұрғын үй кезегінде тұрған Тұр­ғын­үйқұрылысжинақбанкінің салым­шылары. Пәтерлерді кезекке сәйкес үлестіреміз. Әлеуметтік тұрғын үй әлеу­меттік осал санатқа арналған, бұл ерек­ше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткер­лер, ҰОС ардагерлері, көпбалалы отба­сылар және т.б. Келесі аптаның соңын­да тағы мың әлеуметтік пәтерді тап­сырамыз», деді қала әкімі Алтай Көл­гінов.

Сонымен қатар ол «Қазақстандық ипотекалық компаниясымен» бірге қолжетімді баспана алушылар санаты кеңейтілгенін атап өтті.

«Осы бағдарлама бойынша әлеу­меттік қызметкерлер, медицина қыз­мет­­кер­лері, мұғалімдер, полицейлер, мәде­ниет және спорт қызметкерлері пәтер алуға өтініш бере алады. Аптап ыстыққа, жаңбыр мен аязға қарамай жұмыс істейтін құрылысшыларымызға ерекше алғыс айтамыз. Әрқайсыңызға амандық, денсаулық және табыс тілей­мін. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!» деді елорда әкімі.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибра­ги­мова биыл соңғы 8 айда 5 мың банк салымшысы өз үйлерін алғанын жеткізді.