"Қазгидромет" РМК 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
1 қыркүйекте Қазақстан аумағынан атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанның кей бөлігінде ғана тұман түсіп, жел күшейеді.
Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақтан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі.
Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Батыс Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.